Skip to content

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

/Қазақ халық ертегісі/

Қоюшы режиссерлер: А. Салаева, Е.Ұзақбаева


          Оқиғаның негізгі желісінде — өмір мен өлімнің мәңгілік текетіресі жатыр. Қартайып, әлсіреген Айдаһар ғайып болғысы келмейді. Оның жалғыз үміті — адал қызметшісі Масаның тауып әкелуге тиіс, адам қаны құйылған тостаған.

          Алайда зұлым жоспардың жолына нәзік Қарлығаш кедергі болады.

Аспандағы алыс-жұлыс кезінде, өмір мен өлімнің арасында тұрған сәтте, ол қасиетті құтыны сындырып, жыртқышты үкілі үмітінен айырады.

«Кейде бір ғана сынған ыдыс миллиондаған өмірді сақтап қалады. Біздің бостандығымыз үшін Қарлығаш қандай құрбандыққа барғанын біліп, көкейге ой түйіңіз».

Leave a Reply