 | 2012 жылы сәуір айының 11-18 күндері Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласында өткен «Чодари хаел» III Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде «Менің салған суретім» (туынды авторы және режиссері А. Салаева) спектаклі арнайы диплом иеленді. |
| 2013 жылы қарашаның 25-29 жұлдызы аралығында Астана қаласында өткен, «Ортеке» III Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде А.Салаеваның режиссерлігімен сахнаға сапар тартқан, И. Миччи, Дж. Робертс, Л. Вульвертонның «Арыстан патша» шығармасы ұсынылып, «Үздік спектакль» және «Ең үздік актерлік жұмыс» марапатына ие болды. |
| 2013 жылы қазан айының 1-6 күндері Ақтөбе қаласында өткен «Ассалаумағалейкум – III» Халықаралық қуыршақ театрлар фестивалінде режиссер А. Салаеваның «Қаңбақ шал» (қазақ халық ертегісі) қойылымымен қатысып, дипломант атанды. |
| 2014 жылы 1-6 қазан айында Ресейдің Астрахан шәһарында орын алған «Каспий жағалауы» атты ТМД елдер арасындағы қуыршақ театрлары фестивалінде «Менің салған суретім» (авторы әрі режиссері А. Салаева) қойылымын көрсеткен шығармашылық ұжым «Достық» номинациясын жеңіп алды. |
| 2014 жылы 15-21 қазан айында Түркияда өткен XVII Cтамбулдық театр фестиваліне қатысып, қарым-қабілеттерінің зор екенін тағы бір мәрте байқатты. |
| 2014 жылы Республика бойынша алғаш рет Италияның «Марионетка», Стамбулдық «Қарагөз» театрларымен достық қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе алмасу мақсатында келісім шартқа отырды. |
| Сондай-ақ, аталған өнер ошағы 2015 жылы маусым айының 29 мен шілде айының 2-сі аралығында, театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Құралай Ешмұратова атындағы «I — ші Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлар фестивалін» өткізіп, өнер мерекесі қарсаңында тоғыз мемлекеттің театр басшыларымен тәжірибе жинақтап, сенімділікті нығайту мақсатында бірлесе, «EURASIA PUPPET» -«Қуыршақ театрлары ассоциациясын құру» — меморандумына қол қойды. Қазақстанмен қатар Перу, Эстония, Болгария, Сербия, Румыния, Ресей, Татарстан, Тәжікстан, Италия сынды өзге елдердің қуыршақ театрлары қатысқан, сол фестиваль арнайы мамандар мен алқалы жұрттың зор алғысына ие болды. |
| Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» бұл жеңіс, жетістіктерді одан әрмен жалғастырып, 2015 жылдың 24-28 қараша күндері Қостанай қаласында өткен «Ортеке» IV Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде Құралай Ешмұратованың режиссерлігімен сахнаға сапар тартқан Сәкен Жүнісовтің «Атамекен» шығармасын ұсынып, «Хореографиялық-пластикалық шешім үшін» атты номинациясын иеленді. · Ал, 2016 жылы Наурыз айының 21-25 аралығында Тамбов қаласында өткен «Преданья старины глубокой» атты II Халықаралық қуыршақ театрлар фестивалінде аталған өнер ұжымы жоғарыда тілге тиек етілген С. Жүнісовтің «Атамекен» туындысын Тамбов жұртына тарту етіп, арнайы диплом және «Верность национальным традициям» номинациясын қанжығасына байлады. |
| 2017 жылы Сәуір айының 24-28 күндері Болгарияда өткен ХХ-шы Ұлттық «Михаил Лъкатник» атындағы қуыршақ театрлары фестивалінде, қазақ халық ертегісінің желісі бойынша сахналанған «Қаңбақ шал» (режиссері А. Салаева) қойылымы «Балаларға арналған үздік спектакль» наминациясына ие болды. |
| Ал, дәл осы жылдың 1-8 қыркүйегінде Астана қаласының «Қуыршақ театры» Елорда төрінде тұңғыш рет «Бүкіләлемдік қуыршақтар карнавалын» өткізді. Оған жер-жаһанның 47 Мемлекеті ат салысты. 22 Мемлекет видео жолдама арқылы қатысса, 25-сі бас қаламызда бас қосып, өнерлерін ортаға салды. |
| 2017 жылы қараша айының 4-11 күндері аралығында Малайзия елінде өткен «Тропикалық орман — 2017», «Бүкіләлемдік қуыршақтар карнавалына» А.Салаеваның «Шығыс бояулары» және «Менің салған суретім» қойылымдарымен қатысып, «Ең үздік режиссерлік жұмыс», «Ең үздік көркемдік безендіру», және «Малайзиялық көрермендердің жоғарғы бағасы» номинацияларын жеңіп алды!!! |
| Елордамыздың 20-жылдығы қарсаңында, 2018 жылы шілде айының 1 мен 4 аралығында, 9 мемлекеттің театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Құралай Ешмұратова атындағы II — ші Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлар фестивалін өткізді. Қазақстан қуыршақ театрларымен қатар Эстония, Сербия, Ресей, Тунис, Түркия, Босния Герцеговина, Белгия, Италия сынды өзге елдердің қуыршақ театрлары қатысты. |
| 2018 жылы қыркүйек айының 21-30 күндері аралығында Тунис елінде өткен «Картаж қаласының мәдениет күндері» бүкіләлемдік қуыршақтар карнавалынаА. Салаеваның «Шығыс бояулары» қойылымымен қатысып, «Ең үздік режиссерлік жұмыс», «Балаларға арналған ең үздік қойылым» номинацияларын жеңіп алды. |
| 2018 жылы желтоқсан айының 16-23 күндері аралығында Тунис елі Неаполис қаласында өткен Халықаралық қуыршақ театрлар фестиваліне А. Салаеваның «Азия бояулары» қойылымымен қатысып, «Балаларға арналған ең үздік қойылым» номинациясын жеңіп алды |
| 2019 жылы сәуір айның 23 мен 29 күндері аралығында өткен 15-ші Халықаралық «кішкентай ханымдар мен мырзалар» қуыршақ театрларының фестиваліне А. Салаеваның «Азия бояулары» қойылымымен қатысып «Балаларға арналған үздік спектакль» номинациясына ие болды. |
| 2022 жылдың 2-4 желтоқсан айында, Қарағанды қаласында өткен «Кукляндия» қуыршақ театрларының IV фестиваліне қатысып, А.Салаеваның «Менің салған суретім» қойылымын көрермен назарына ұсынды. |
| 2022 жылдың 20-25 қыркүйек аралығында өткен VI Халықаралық «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театрлары фестивалінде Қ.Ежембектің қазақ халқының эпостық жыр желісімен жазылған «Ер Төстік» ертегісін ұсынды. |
| 2023 жылғы 22-29 сәуір айында театр Халықаралық “Ортеке-VI” қуыршақ театрлары фестиваліне А.Салаеваның “Менің салған суретім” қойылымымен қатысты. |
| 2023 жылдың 25 – 29 маусым аралығында еңселі елордамыздың 25 жылдығына орай, III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалін өткізді. Фестивалге Қазақстан, Қытай, Перу, Түркия, Сербия, Эстония, Ресей және Өзбекстаннан жалпы саны 13 театр қатысты. Аталған фестивальдің бір ерекшелігі арнайы номинация жеңімпаздарын балалардан құрылған қазылар алқасы анықтады. |
| 2023 жылғы 13–19 қазан аралығында Шымкент қаласында I Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі «Puppetland» өтті. Театр А. Салаеваның «Алдар көсе жайлы не білесің?» спектаклін ұсынды, «Үздік режиссер» номинациясына ие болды. |
| 2024 жылғы 21–25 қазан аралығында Алматы қаласында өткен I Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі «ALMATY PUPPET FESTIVAL–2024» өтті. Театр Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» спектаклін көрермен назарына ұсынып, дипломмен марапатталды. |
| 2025 жылғы 1–4 шілде аралығында Көрнекті тұлға, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» ордендері мен медальдарының иегері, қазақ қуыршақ театрының тұңғыш кәсіби режиссері, профессор Құралай Ешмұратованың 80 жас және Астана қаласы әкімдігі «Қуыршақ театрының» 15 жылдық мерейтойына арналған IV Халықаралық «Құралай»» қуыршақ театрларының фестивалі өтті. Фестиваль қонақтары: Англия, Аустрия, Қытай, Түркия, Грузия, Испания, Таиланд, Өзбекстан және Қазақстанның қуыршақ театрлары. |
| 2025 жылғы 9–14 қыркүйек аралығында театр Ақтау қаласында өткен «NOMAD PUPPET AKTAU 2025» Халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне қатысты. А.Салаеваның «Әкемнің хаты» спектаклі «Тарихи жадыны сақтағаны үшін» номинациясымен марапатталды. |
| 2025 жылғы 15–22 қыркүйек аралығында театр Қостанай қаласында өткен «Kostanay Puppet Life» Халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне қатысты. А.Салаеваның «Алдар көсе жайлы не білесің?» |