Қырық жылға жуық ғұмырын Алматы мемлекеттік қуыршақ театрына, жалпы елу жылдан аса саналы ғұмырын саф өнердің дамуына арнап, қазақ қуыршақ өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Құралай Халекетқызы Ешмұратоваға Алматылық әріптестер 90 жылдық мерейтойлық медалін табыстады!
Бұл — өнерге адал қызмет етіп, талай ұрпаққа өнеге болған аяулы жанға көрсетілген зор құрмет пен шынайы ілтипаттың белгісі.
Осы игі бастамаға ұйытқы болған әріптестерге шынайы алғысымызды білдіреміз! Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
