🎭 Астана қаласының Қуыршақ театры Алматы қаласына жетті!
21–24 қазан аралығында өтетін IV Халықаралық «ALMATY PUPPET FESTIVAL – 2026» қуыршақ театрлары фестиваліне қатысу үшін Астана қаласының Қуыршақ театры Алматы қаласына барды.
Фестиваль аясында түрлі елдердің сахналық дәстүрлері тоғысып, қуыршақ өнерінің жаңа қырлары ашылады. Театр ұжымына сәттілік пен жарқын өнер көрсетуді тілейміз!