Skip to content

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімде Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрының» директоры Хасанғалиева Тоғжан Ескендірқызына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Театр ұжымы Тоғжан Ескендірқызын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтайды! Еңбегіңіз жемісті болып, шығармашылық табыстарыңыз арта берсін! Еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына қосып жүрген үлесіңіз тола берсін!

Мәртебеңіз биік, абыройыңыз асқақ болсын!

Screenshot