Инсценировка: А.Салаева
Қоюшы – режиссері: А. Салаева
Екі кішкентай үйректің балапандары Буська мен Муська достықты бағаламай, ұсақ-түйек үшін жиі ұрысып қалады.
Жайма шуақ күндердің бірінде Буська ата-анасының рұқсатынсыз тоғанға кетеді. Жолда ол Хитроу есімді сиқыршы ағаймен кездеседі. Айлакер Түлкі Буськаны тұзаққа түсіреді!
Буська қашып құтыла ала ма? Үйректердің достығы не болмақ? Айлакер Түлкі жазасыз қала ма?
