(Сахналық нұсқасын жасаған – А. Салаева, Уолт Диснейдің «Су перісі» мультфильмінің желісі бойынша)
Автор – Г.Х. Андерсен
Қоюшы- режиссері – А. Салаева
Қоюшы-суретшілері – Н. Клименко, Л. Қожақова
Режиссердің ассистенті – А. Хасенов
Режиссердің көмекшісі – Н. Ахметов
Әлем әдебиетінде өшпес із қалдырған Г. Х. Андерсеннің «Су перісі» атты ертегісінің маңызы зор.
Сиқыршы жігіттің сиқырымен оқиға пайда болып, қақтығыс күрделеніп, әрекет қызықтана түсетін бұл туынды, бала көңілін күпті етпесі ақиқат. Мұны тамашалаған кішкентай көрермен су перісі Ариэльдің нағыз жанашырлары, яғни, балық Флаундер, және шаян Себастьяндардың бір-біріне деген қарым-қатынастары арқылы, шынайы достықтың қандай болатынын толық түсіне алады.
Олай болса, достық, махаббат, адалдық шыңына біргежетейік!!!
