Skip to content

«ҚУЫРШАҚ МЕКТЕБІ»

/Қазақ халқының ертегі кейіпкерлерімен ағылшын тілін үйренуге арналған ойын түріндегі қойылым/

Қоюшы-режиссері: А. Жұматаева

Қоюшы-суретшілер: К. Қали-Ақпарова

Суретші-қуыршақшы: М.Дәуренбаева, ҚР Мәдениет қайраткері


          Қуыршақ театры кішкентай көрермендерді қуыршақ мектебін тамашалауға шақырады. Ойын – біздің кішкентай көрермендер үшін таңғажайып сөз: бұл оқу, қоршаған орта мен бүкіл әлемді тану дегенді білдіреді.                                                                                                      Аталмыш қойылымға балалар белсене қатысып, өздерінің Қаңбақ шал, Түлкі, Дәу сынды т.б сүйікті кейіпкерлерімен бірге ағылшын тілін үйренуге кірісіп, тәртіп-тәрбиеге ден қойып,  зейінін, есте сақтау қабілетін, ой-өрісін дамыта түседі.                                      
          Шығармашылық ойын түрінде өтетін қойылым бойы бала 20-ға жуық сөзді жылдам жаттап, кедергісіз меңгере алады.  Бұл балаға ғана емес, ата-анаға да қуаныш сыйлайды.                 Спектакль мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған.                                                        

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *