Skip to content

Халықаралық театр күні

Театр – тағлым ордасы, өмірдің ықшамдалған айнасы! Мәдениеттің – өзегі, алтын діңгегі, ізгіліктің бастауы. Руханият кеңістігінде тамыры терең театрдың алар орны бөлек. Театры асқақ елдің рухы мықты, еңсесі биік, мәдениеті мен мәртебесі жоғары болмақ. Көнеден көш түзеген өнер ордасы барлық адами құндылықтардың негізі. Сарабдал театр сыншысы, Мемлекеттік  сыйлықтың иегері Әшірбек Сығай: «Тазарғың келсе театрға бар» – деген ұлағатты сөз қалдырған. Иә, театр бүлкілдеп тұрған жүрегіңмен, қимылдаған жаныңның дауасы! Жанға ем іздесең – театрға бар. Түрлі тағдырлар да, сан қилы оқиғалар да, арпалысқан алыптардың жанкештілігі де бәрі-бәрі сол шаңырақ астына тоғысқан. Өзіңді де, көңілге тыным бермеген алуан сұрақтың жауабын да театрдан табасың.                           

Құрметті әріптес, ардақты театр қызметкерлері! Сіздерді 27 Наурыз – Халықаралық  театр күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазіргі уақытта талғамы биік көрерменнің театрға деген ықыласы айрықша екені баршаға мәлім. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев IV Ұлттық құрылтай отырысында: «Қазақстанда театр өнеріне қызығушылық артып келеді. Зал көрерменге толы, қойылымдардың премьреасына билеттер екі-үш апта бұрын сатылып кетеді. Сахна өнеріне құштар жандардың арасында жастардың көп болуы көңілге ерекше қуаныш ұялатады» – деп атап өткен болатын.     

 Иә, театр руханияттың айнымас бөлігі! Театрды тұғырға қондырып, саф өнерге саналы ғұмырын арнаған жандарға шығармашылық шалқар шабыт, толағай табыстар, аласармас арман биігін тілейміз! Мәртебелі театр жасасын!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *