Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрында 2026 жылғы 2 қазанда сағат 11:00-де 37- театр маусымының ашылуына арналған мерекелік іс-шара өтті. Алғашқы қойылым басталмас бұрын көрермендерге театр ұжымы дайындаған шағын мерекелік бағдарлама ұсынылды.
Салтанатты бөлімді театр директоры Сергей Юрьевич Орлов ашты. Ол маусымаралық кезеңнің қорытындысын шығарып, алдағы жылға жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ театрдың 37 жылдан бері ертегілер өмірге еніп, өскелең ұрпақтың бойында маңызды құндылықтар қалыптасатын ерекше мекен болып келе жатқанын атап өтті.
Мерекенің ерекше сәттерінің бірі — театр тарихын сахна сыртында жылдар бойы қалыптастырып келе жатқан жандарды құрметтеу болды. Театр маусымының ашылуы аясында театрдың бас есепшісі Оксана Игоревна Капустинаны салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Ол бұл ұжымда үздіксіз еңбек етіп келе жатқанына 30 жыл толуын атап отыр.
Жаңа маусым «Дед, баба и курочка Ряба?» атты серпінді спектакльмен ресми түрде ашылды. Қойылым алғашқы минуттардан-ақ жас көрермендерді баурап, алдағы театр жылына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Спектакльден кейін ресми бағдарламаның жалғасы ретінде дәстүрлі труппа шеруі өтті. Көрермендердің зор қошеметімен театрдың барлық әртістері сахнаға шығып, көрермендермен сәлемдесті.
Айта кетейік, алдағы айларда қуыршақ театры әлеуметтік маңызы мен классикалық ертегі әлемін ұштастыратын әртүрлі жанрдағы екі жаңа премьераны ұсынады.
«Жол жүру ережесінсіз өмір мүмкін емес» — интерактивті-танымдық спектакль. Достық пен жауапкершілік туралы оқиға ойын түрінде баяндалып, кішкентай қала тұрғындарына жол қозғалысы ережелерін түсінуге және сақтауға көмектеседі.
«Морозко» — мәңгілік құндылықтар, еңбекқорлық пен адамгершілік мейірім туралы классикалық жаңа жылдық ертегі. Қойылым көрермендерді жарқын декорацияларымен және қысқы ғажайыптың ерекше атмосферасымен таңғалдырмақ.
Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының есігі ертегіге сеніп, шығармашылық жаңалықтарға қуана білетін барша көрерменге айқара ашық.


