Skip to content

Ер Төстік

(Қазақ халқының эпостық жыр желісімен)

Авторы: Қуат Ежембек      
Режиссері: Құралай Ешмұратова,
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі        
Қоюшы суретшілер – Ш.Елембаева, Н. Клименко         

Биін қойған – Ю.Амирова

Режиссердің  ассистенті – Д.Бейсенбаев, Мәдениет қайраткері         
Режиссердің көмекшісі – Н. Ахметов


            Ертеде орақ ауыз, от тілді жырау, жыршылар аңыз-әңгімелер құрап, халық алдына шығып, сөз сөйлеп, жауға аттанар баһадүр батырларға батасын берген. Бұл қойылымдағы оқиғалар қазіргі уақытпен тұспа-тұс келеді. Жыршы өткен замананың аңыз-әңгімелерін тыңдағысы келетін бүгінгі күннің көрермендерімен кездеседі. Алайда, ортаға терменің ырғағын бұзып, заманауи хип-хоп жанрының өкілі рэпер жігіт шығады. Хип-хоп жастар арасында ең танымал жанр болғандықтан, халық рэпер жігітті қолдап кетеді.                                  Осы жерде талас-тартыс туындап, сөз сайысы басталып, нәтижесінде екі жанрдың өкілі «Ер Төстік» қойылымын тоқтатпай, әркім өз стилінде, ырғағында жалғастыруға шешім қабылдайды. Спектакльдегі екі қарттың сегіз ұлынан айырылып, тоғызыншысын дүниеге әкелгені, Жезтырнақтың зұлымдығы, Бабыханның қулығы, бас қаһарманның Таусоғар, Саққұлақ сынды достар табуы, махаббат хикаялары терме және рэппен баяндалып, толыға түседі.  
            Ертегі соңында екі дәуірдің адамы бір-бірінің жан-дүниесін ұғынып:          
«Қазақтың ертегісін сағынасың,   
Күш-қуат береді екен жаныма шын.        
Термемен, хип-хобыңмен, рэпіңмен айт,           
Бәрібір бұзылмайды мағынасы» – деп қойылымды тәмамдайды. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *